Қазақстанда әйелдер еркектерден 9 жас ұзақ өмір сүреді

Аян Өрібай

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда тұрғындары ең ұзақ әрі ең қысқа өмір сүретін өңірлерді атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

2023 жылғы есеп

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылғы есебін жариялап, халықтың өмір жасына жасалған талдауды көрсетті.

– Туған кезде халықтың күтілетін өмір ұзақтығы - бұл ұрпақтың бүкіл өмірінде әр жас тобындағы өлім-жітім деңгейінің көрсеткіші есептік жылдағыдай деңгейде өзгеріссіз қалатын жағдайда осы ұрпақтан туған бір адамның өмір сүретін жасы, – деп бір сөйлеммен ұзын-сонар түсініктеме береді бюро.

Бюроның хабарлауынша, халықтың орташа есеппен жасы 75,09. Олардың ішінде ерлердің үлесі 70,99 жас. Ал әйелдердің үлесі – 79,06 жас.

Қалалық тұрғындарының орташа есеппен жасы 75,73 болса, ауыл тұрғындарының үлесі 74,02 жас.

Өңірлер тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 

Ең жоғары туғандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы Алматы қаласында – 78,28 жас, ал ең төмені Ұлытау облысында – 72,41 жас.