Адам аяғы баспайтын жер: «Семей орманы» резерватында өрт шықты

Ulysmedia

«Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резеваты аумағының адам аяғы жету қиын жерлері өртеніп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Фото: gov.kz

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Алдын ала ақпарат. Абай облысы. 26 сәуір 13.21-де ақпарат келіп түсті: Бородулиха ауданы, "Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха филиалы, Бородулиха ауылынан 15 шақырым жерде (Дмитриевское орманшылығы, 148-орам) орман өсімдіктері (қарағай) өртеніп жатыр. Адам аяғы жетуі қиын сулы-батпақты жерлер. Оқиға орнына орман шаруашылығының 11 қызметкері мен жеті техника, төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының алты адамы мен екі техника жіберілді, – делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі ала болжам бойынша 0,22 га алаңда оқшауланғанын мәлімдеді.