«Семей орманындағы» өрт сөндірілді

Ulysmedia

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің телеграмм арнасы “Семей орманы” резерватындағы өрттің сөндірілгенін мәлімдеді деп хабарлайды, Ulysmedia.kz

 

ҚР ТЖМ телеграмм арнасынан

Өрт сөндірілді

“Өрт сағат 18.35-те сөндірілді, өрт пойызы тұрақты орналасқан жеріне жөнелтілді,”- деді министрліктің баспасөз қызметі.  

Бұған дейін өрт сөндірушіл болжам бойынша 9600 шаршы метр аумақтағы  шемішке қабығының өртін оқшаулағаны айтылған еді.  

Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер отын беру галереясы арқылы өрттің таралуына жол бермеген. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Бұған дейін

«Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резеваты аумағының адам аяғы жету қиын жерлері өртеніп жатыр, деп хабарлаған едік.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Алдын ала ақпарат. Абай облысы. 26 сәуір 13.21-де ақпарат келіп түсті: Бородулиха ауданы, "Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха филиалы, Бородулиха ауылынан 15 шақырым жерде (Дмитриевское орманшылығы, 148-орам) орман өсімдіктері (қарағай) өртеніп жатыр. Адам аяғы жетуі қиын сулы-батпақты жерлер. Оқиға орнына орман шаруашылығының 11 қызметкері мен жеті техника, төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының алты адамы мен екі техника жіберілді, – делінген хабарламада.