Бір тәулікте коронавирустан 8 адам көз жұмды

Ulysmedia

Қазақстандағы эпидемиялық ахуал бойынша соңғы тәуліктегі ресми мәлімет жарияланды

Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанда соңғы тәулікте  162 адам жұқпалы індеттен емделіп шыққан. Ал 109 науқас коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияға шалдыққан және  8 адам көз жұмды.  2020 жылдың 13  наурызынан  еліміз бойынша   79948 адам ауырған. 5057 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 69346 жетті.