Әнші Қайрат Нұртастың басы тағы да дауға қалды

Ulysmedia

Танымал әнші Қайрат Нұртас көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды, Ulysmedia.kz 

egovpress

29 сәуірде әлеуметтік желіде әншінің көлік жүргізіп келе жатқан видеосы тарады. Жазбаны egovpess телеграмм арнасы жариялады. Видеода оның қауіпсіздік белдігін тақпағанын анық көруге болады. 

Ресми мәлімдеме 

"Құқық бұзушыға қатысты шаралар қабылданды. Көлікті қауіпсіздік белбеуін тақпай жүргізгені үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБК – нің 593-бабы 2-бөлігі)", - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.  

Бұған дейін 

2023 жылдың наурыз айында Қайрат Нұртас Талдықорғандағы орталық алаңының ішінде көлікпен жүрген. Ол кезде де жол қозғалысы ережелерін бұзып, оны видеоға өзі түсірген. Полиция Қайрат Нұртасты бұл әрекеті үшін ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы ("жол белгілері белгіленген талаптарды сақтамау") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартқан.  

Ал, 2023 жылы 28 тамызында Қайрат Нұртас көлігімен Жамбыл облысы Қордай ауданында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған,