Осыдан бірнеше күн бұрын Атырау облысындағы көпқабатты үйлердің бірінде пәтер өртеніп, екі бала қаза тапқан. Ал, олардың ата-анасы ауруханаға түскен еді. Бүгін анасының қайтыс болғаны белгілі болды деп хабарлайды,
Денесінің 90-95% күйіп қалған
"26 сәуірде сағат 3:30-да реанимация бөлімінде балалардың анасы да қайтыс болды. Әйел терінің күйіп қалуының 90-95% алды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалады", - деп хабарлады Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Ал, оның күйеуі есін жиған. Ол Индер аудандық ауруханасында ем қабылап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.
Бұған дейін
Еске салайық, оқиға 24 сәуір күні Атырау облысы, Индер ауданында болған.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде аталған мекен-жайдағы бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан пәтердің толықтай жанып кеткенін анықтады. Бұл туралы Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті. Өрт кезінде үйдің жатын бөлмесінен 2014 жылы туған Н. Д. және 2017 ж.т. Ж.Д. өлі денелері табылды. Сондай-ақ анасы 1995 ж.т. Н. С. және азаматтық некедегі жолдасы 1994 ж.т. Д.Б. ес-түссіз күйде табылып, аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.
Атырау облыстық ПД бастығының орынбасары Болат Көшқалиевтің айтуынша, оқиға орнында тергеушілер жанармай қалдықтары бар ыдысты тапқан. Күдіктінің жақын маңдағы жанармай құю станциясынан бензин салынған контейнер сатып алғаны анықталды. Ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған.