Алматы облысында оқушы қыз мектепте кенеттен ауырып, қайтыс болды

Ulysmedia

Алматы облысында оқушы қыз сабақ үстінде ауырып, көп ұзамай жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Оқиға Қошмамбет ауылында болған

Бұл туралы облыстық Білім басқармасы мәлімдеді.

Қыз бала 23 сәуірде Қарасай ауданы Қошмамбет ауылында қайтыс болды. Қошмамбетов атындағы мектепте сабақ кезінде 4-сынып оқушысы есінен танып қалған. Ведомство қызға медициналық көмек көрсетілгенін айтты. Бірақ әрекет нәтижесіз болды, ол жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.

Полиция не дейді

Тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі кейінірек түсініктеме беруге уәде берді.