Қазақстанда осы жылдың сәуір айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 48 897 теңгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4,6% - ға өсті. Ал осы жылдың наурыз айына қарағанда 0,4% - ға өскен.
18 жастан асқан еңбекке қабілетті ер адамдар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 58 038 теңгені, әйелдер үшін – 46 075 теңгені құрады.
Зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін деңгей 45 709 теңгеге, 14 жасқа дейінгі балалар үшін – 39 648 теңгеге, 14-17 жас аралығындағы ұлдар үшін – 61 795 теңгеге, ал қыздар үшін – 47 354 теңгеге жетті.
Сондай-ақ ең төменгі күнкөріс деңгейі аймақтар бойынша ерекшеленеді.
Осы айдағы ең жоғары көрсеткіш Маңғыстау облысында – 59 699 теңге, Астанада – 53 567 теңге, Алматыда – 51 982 теңге, Шығыс Қазақстан облысында 51 027 теңге, Алматы облысында 50 410 теңге, Ұлытау облысында 49 405 теңге және Шымкентте 48 476 теңге болып тіркелді.
Бұдан әрі облыстар Абай – 47 816 теңге, Ақмола – 47 735 теңге, Жетісу – 47 424 теңге, Солтүстік Қазақстан – 47 343 теңге, Павлодар – 47 254 теңге, Қарағанды – 47 136 теңге, Қостанай – 46 754 теңге, Жамбыл – 46 596 теңге, Атырау – 45 953 теңге.
Ең төменгі деңгейлер Батыс Қазақстан облысында – 44 311 теңге, Түркістан облысында – 44 236 теңге, Қызылорда облысында – 44 021 теңге және Ақтөбе облысында – 43 753 теңге.