7,6 миллиард теңге: Павлодар тұрғындарының қаржы пирамидасына салып жіберген ақшасы

Ulysmedia

Алаяқтар жылдам баю жолдарын айтып айтып азаматтарды құрығына түсірген деп хабарлайды, Ulysmedia.kz 

Әлеуметтік желіден

Бұл туралы Павлодар облыстық Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Қамбар Қабдуллин айтты.

"Бүгінде өңірде екі қылмыстық іс тергелуде. Сотқа дейінгі тергеу 2018-2021 жылдар аралығында қаржы-инвестициялық пирамида ұйымдастырған "Qnet" компаниясының құрылымдық бөлімшесінің басшылығына қатысты жүргізілуде,” - деді Қабдуллин брифингте.  

Оның сөзінше дәл осы ұйымға 40 салымшы 36 миллион теңгеден астам қаржы салған.  

7,6 миллиард теңгеден астам...

"Has Holding" компаниясының келтірген шығыны тіпті үлкен. Қылмыстық іс аяқталуға жақын. Бес мыңнан астам салымшымен 7,6 миллиард теңгеден астам сомаға 18 мыңға жуық шарт жасалған", - деді Қамбар Қабдуллин. 

Сарапшылар қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар азаматтарды “мол табыс табасыздар, салған ақшаны тез қайтарасыздар” деп арбаған.  Сондай-ақ, ұйымға тартылған жаңа мүше үшін әртүрлі бонустар, жеңілдіктер немесе тіпті ақшалай сыйлықтар беріп отырған.  

Кейбіреуі жасырмайды

Тіпті "ашық пирамидалар" деп аталатындар бар екен. Олар инвестиция немесе бизнеспен айналыспайтындықтарын жасырмайды. Ұйымдастырушылар қатысушыларға ақша жеткіліксіз болуы мүмкін екенін және негізгі қаражат жаңа клиенттерді тарту есебінен келетінін бірден ескертеді.