Қазақстан мен Қытай шекарасы уақытша жабылады

Ulysmedia

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Алдын-ала жоспарлаңыз

Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы келісімге сәйкес 1, 7 және 9 мамырда «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы мен теміржол өткізу пунктерін қоспағанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктінде адамдарды, көлік пен жүк өткізу уақытша тоқтатылады. 

«Азаматтарға маршруттарын алдын ала жоспарлауды ұсынамыз» деп ескертеді ҰҚК баспасөз қызметінен. 

Және тағы...

Қазақстан-өзбек шекарасында жүргізіліп жатқан реконструкцияға байланысты «Қапланбек» өткізу пункті жабылды, «Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының қозғалысы шектелді.

Ресей, Қырғыз және түрікмен бағыттарындағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.