Алматыда табиғат жанашырлары үшін ерекше акция өтіп жатыр. Шаһарда қоқысты кофеге немесе тағамға айырбастап алуға болады деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.
15 сәуірде басталған акцияның алдын-ала қорытындысын Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жариялады.
Екі тоннадан астам...
15-29 сәуір аралығында қала тұрғындары екі тоннадан астам қайта өңделетін шикізат тапсырып, оның орнына 1354 купон алған.
Науқан 8 мамырға дейін жалғасады.
Кімдер қатыса алады? Не істеу керек?
Акцияға кез-келген азамат қатыса алады. Макулатураны, пластикалық және шыны бөтелкелерді, алюминий банкаларды қоса алғанда, өңделетін шикізаттың белгілі бір мөлшерін өзіңіз жинауыңыз керек. Срсын жинаған материалыңызды қабылдау бекеттеріне өткізуіңіз қажет.
Қайта өңделетін заттарды қабылдау пункттері:
Пицца, бургер, кофе, донер
Тапсырған материалыңыз үшін пицца, бургер, кофе, донер және додстер купондарын ұсынады.