Еліміздегі су қоймаларының жағдайы белгілі болды

Ulysmedia

Еліміздің аумағындағы су қоймаларына қатысты мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Өңірлердегі ахуал қандай

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді.

БҚО-ның төрт ірі су қоймасы орта есеппен 88,7 пайызға толды.

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%, Солтүстік Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы 100%, Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97 пайызға жетті. Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 82,4% мөлшерінде. 

Ал Абай облысында Шүлбі су қоймасы 38,5%-ға толған. Қарағанды облысында үш ірі су қоймасы орта есеппен 98,5%-ға жеткені белгілі болып отыр. Ал Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92 пайызды көрсетті. 

Су қоймаларында жиналған су одан әрі ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.