Алматыдағы мәйітханада өлген адамдарға зорлық жасады деген күзетші туралы әріптестері бар шындықты жайып салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Үш бөлмелі пәтерде жалғыз тұрады
Әріптесінің айтуынша, ол бұған дейін кішкентай балаларды жыныстық қатынасқа тартқан.
Бала-шағасы бар-жоғын білмеймін. Естуімше, жалғыз тұрады, үш бөлмелі пәтері бар. Әпке-жездесі бар екен, бірақ олар бөлек тұрады екен. Әке-шешесі жоқ. Бізге мәйітхананың ішіне кіруге рұқсат жоқ. Біз сыртта қақпаның есігін ашамыз, жабамыз. Бірақ ол кісі сол кезде жұмыста болған, сол сәтте ғимаратқа кірген шығар. Бәлкім, сол кезде өзінің әрекетін іске асырған. Мен кеше ғана естідім де таңғалдым. Ол кісі психикалық ауытқуы бар адамдардың есебінде тұрған дейді. Өйткені кішкентай балаларды жыныстық қатынасқа тартқан деп естідім, – дейді мәйітханадағы күзетші әйел.
Тергеу жалғасып жатыр
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда мәйітхана күзетшісі өлген адамдарды зорлады деген күдікпен қамалғанын жазған болатынбыз.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда, - деді Алматы қаласы полициясы.