Апат болған Костенко атындағы шахтаны түтін басты. Жер астында 194 жұмысшы болған деп хабарлайды, Ulysmedia
Түтін басты
Қарағандыдағы Костенко кенішін түтін басқан.
Сол мезетте жер астында 194 адам болыпты.
Сағат 21:22 - дегі мәлімет бойынша 187 адам жер бетіне шығарылған. 7 адам шахтаның жұмысын қамтамасыз ету үшін жер астында қала береді.
Кеніштегі жарылыс
2023 жылы 28 қазанға қараған түні «АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жарылыс болды. Жарылыс кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші жер бетіне шықты, 46 кенші қаза болды.
Шахтада көз жұмған жұмысшылардың толық тізімі жарияланды. Қазақстан президенті Тоқаев «АрселорМиттал Теміртаумен» ынтымақтастықты тоқтатуды бұйырды. Қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, үкіметтің «АрселорМиттал Теміртау» АҚ акционерлерімен алдын ала келісімге келгені және кәсіпорынды Қазақстанның пайдасына меншік құқығына беру жөніндегі мәміленің аяқталып жатқаны хабарланды. Қарағанды облысына барып, марқұм кеншілердің туыстарымен кездескен Тоқаев 29 қазанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
АрселорМиттал Теміртау Qarmetke айналды
Қайғылы оқиғадан соң Қазақстанда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ инвесторы Лакшми Миттал мен басқарушы Палаватху Кришнанды "қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қасақана әрекетсіздігі" үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ететін петицияға қол жинау басталды.
Белгілі экономист, 2022 жылы президенттікке үміткер болған Мейрам Қажыкен билік Костенко шахтасындағы апатқа бар кінәні "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының акционері Лакшми Митталға жауып отырғанын, ал шын мәнінде кеншілердің өліміне 90% үкіметтің өзі кінәлі екенін мәлімдеді. Алайда премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметті ақтап, жауапкершілікті кәсіпорын басшылығына ысырды. Көп өтпей, АМТ-ны қазақстандық олигарх Андрей Лаврентьевтің сатып алғаны белгілі болды.