Кептеліс, уақыт, жұқарған жүйке: Астанада жөндеуге байланысты бірнеше көше жабылады

Ulysmedia

Елордада тағы бірнеше көшенің жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылатыны белгілі болды деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Қабанбайдан Республикаға дейін...

Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылы мен Иманов-Республика қиылысында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді. 

“Осыған байланысты 3-18 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылының Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскесінде (Дөңгелек алаңның үстіндегі көпір) көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады,” - деп жазды Астана әкімдігінің ресми сайты.  

Сондай-ақ, А. Иманов-Республика көшелерінің қиылысында асфальт жабынына жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Қиылыс 7-9 мамыры аралығында ішінара жабылатын болады. 

 Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.