Ресей Қазақстанға қант экспортын уақытша шектеді

Сырым Қаржас

Ресей үкіметі қант экспортына уақытша тыйым салып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Ресей Қазақстанға қант экспортын уақытша шектеді

Ресей үкіметі қант экспортына уақытша тыйым салып отыр, 

Ресейде қант құрағы мен қызылша қантына, химиялық таза сахарозаны экспорттауға уақытша тыйым салынады.

Толығырақ

Ресей үкіметі шығарған қаулыда бірқатар ерекшелік қарастырылған. Мәселен, қант ЕАЭО елдеріне белгілі бір көлемде жеткізіледі.

  • Қазақстанға - 120 мың т,
  • Арменияға - 28 мың т,
  • Қырғызстанға - 28,5 мың т.
  • Беларуське-5 мың тонна.

Шектеу 2024 жылдың 31 тамызына дейін күшінде болады. Шешім "ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын сақтауға" бағытталған.

Екі жыл бұрынғы дефицит

Еске сала кетейік, екі жыл бұрын Батыс елдерінің санкциясының астында қалып, шетелге азық-түліктің кейбір түрін экспорттауға тыйым салған Ресейдің шешімінен кейін Қазақстанда қант қымбаттап шыға келген еді. Сол тұста премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі болған Бақыт Сұлтанов шет мемлекеттермен неге қант саудасы бойынша кенеттен мәмілелер жасауға мәжбүр болғанын түсіндірген. Министр Ресейдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қант экспортына шектеу қою туралы шешімін тым кеш естігенін атап өткен. Қазақстан басқа елдерден қант импорттауға мәжбүр болған.