ОПЕК+ келісіміне мүше мемлекеттердің министрлік отырысы болып өтті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Бүгін, яғни 4 қараша күні ОПЕК+ келісіміне мүше мемлекеттердің министрлік отырысы болып өтті. Қазақстанның атынан отырыста энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев сөз сөйледі. Отырыста Келісім бойынша мүше мемлекеттердің қыркүйектегі шарттарды орындау мәселесі талқыланды. Қыркүйекте ОПЕК келісіміне мүше елдердің міндеттемелерін орындау деңгейі 115% болды», - деп хабарлады энергетика министрлігінен.
Отырыстың қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдері мұнай өндірісінің көлемін шектеу алынғанға дейін тәулігіне 400 мың баррель арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданған.