Ұлы Абайдың жиені — өлкетанушы Балтабек Ерсәлімұлы өмірден озды

Айнель Аянова

Белгілі өлкетанушы, журналист - Ұлы Абайдың жиені Балтабек Ерсәлімов  дүниеден озды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Мәдениет және ақпарат министріне сілтеме жасап.

Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы, Балтабек Ерсәлімов - 86 жасында өмірден өтті.

Балтабек Ерсәлімов -1938 жылы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген.

Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, «Еңбек  ардагері», «Тыңға 50 жыл»медальдарының, «Құрмет» орденың иегері.

Филолог Балтабек Ерсәлімов, белгілі ақын шығармаларын насихаттау ісіне белсене араласып келген.

Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасын насихаттап, Семейдегі Абай қорынның ашылуына ықпал еткен азаматтың бірі. 1992 жылы «Абай» журналының қайта шыға бастауына айтарлықтай үлес қосты. 1993 жылы баспадан жарық көрген «Абайдың ақын шәкірттері» деген жинақтың жауапты шығарушысы.