Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі екі ел министрлерінің кездесуі жайлы тың ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СІМ хабарламасы
– Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес Әзербайжан мен Арменияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары арасындағы келіссөздер Алматыда 2024 жылғы 10 мамырда өтеді, – делінген хабарламада.
Тоқаевтың ұсынысы
Бұған дейін Әзербайжан мен Армения СІМ басшылары Алматыда келіссөздер жүргізетіні хабарланған. Оның алдында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды бейбіт келіссөздер алаңы ретінде 15 сәуірде Ереванға сапары кезінде пайдалануды ұсынған болатын. Бұл бастаманы Әзербайжан жағы бірінші болып қолдаған.