Зеленскийге қастандық жоспары: Украина МКҚ екі қызметкері күдікті ретінде ұсталды

Сырым Қаржас

Украинаның қауіпсіздік қызметі Ресейдің федералды барлау қызметі президент Зеленский мен елдегі басқа да жоғары әскери-саяси басшыларға қастандық жасау әрекетінің жолын кесілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Фото: Ашық дереккөзден

Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы Василий Малюк дұшпандардың агенттерін әшкерелеу жөніндегі арнайы операцины шектеулі адамдар ғана білгенін, оның барысын жеке өзі бақылағанын айтады. Оның айтуынша, шабуыл "Путиннің инаугурациясына қарсы сыйлық" болуы керек еді.

Арнайы қызметтің мәліметінше, агенттер Будановты (Кирил Буданов - Бас барлау қызметінің бастығы) Пасха алдында өлтірмек болған.

Жаудың жоспары келесідей болған: алдымен жалданған агент адамның күзетпен қозғалуын бақылап, жауға ақпарат береді. Сол үйге зымыран соққысы жоспарланады. Ізінше сол жерде қалған адамдарды дрондармен жайратпақ болған. Осыдан кейін ресейліктер тағы бір зымыранға түсуді жоспарлайды да, артынша дрон іздері жойылады.