Nvidia басшысы бір күнде 32 млрд долларға байыды

wtftime.ru

Nvidia компаниясының басшысы Дженсен Хуангтың байлығы компанияның бас директоры қызметіне оралғаннан кейін 143 миллиард доллардан асты. Бұл туралы Forbes деректерінде көрсетілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Дүйсенбіде Nvidia директорлар кеңесі Хуангты компания президенті, бас директоры (CEO) және директорлар кеңесінің мүшесі қызметтеріне дереу қайтару туралы бірауыздан шешім қабылдады. Бұл шешім АҚШ билігінің өкілдерімен кеңескеннен кейін қабылданған.

Forbes мәліметінше, дүйсенбі күні Қазақстан уақытымен сағат 22:00 шамасында Nvidia басшысының байлығы 143,44 миллиард долларға жеткен. Осылайша, оның дәулеті бір күнде шамамен 32,4 миллиард доллар артқан.

Қазір Хуанг әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде 13-орынға көтерілді. Ол бірден бес саты жоғарылаған.

Хуангтың қызметтен кетуі 11 күнге ғана созылды. Ол 12 қарашада Megaspeed компаниясының бұрынғы басшысы Элис Хуангпен жақын байланысына қатысты дау туындаған соң қызметінен кеткен еді.

АҚШ-тың Әділет және Сауда министрліктері бұл компанияның экспорттық шектеулерді бұзған-бұзбағанын тексеріп жатыр. Ал Элис Хуанг Қытайға ақпарат берді деген күдікке ілінген. Қытай Сыртқы істер министрлігі бұл айыптауларды негізсіз деп атады.

Сізге қызық болуы мүмкін