Ақтөбеде ер адам 5-қабаттан секірмек болды

Ulysmedia
Фото: ТЖМ

Ақтөбеде ер адам өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті. 

Ол 9 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

ТЖД құтқарушылары мас азаматпен келіссөздер жүргізген. Сонымен бірге уақытты жоғалтпай, «Өмір кубын» жайып, адамды құтқару операциясына кіріскен.

Оқиға орнында жедел-құтқару жасағы мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеді.

Ер адам полицияға тапсырылған.