Төтенше жағдайлар министрлігі өңірлердегі су тасқыны жағдайына байланысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Министрліктің хабарлауынша, өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында мотопомпалармен және жылжымалы сорғы станцияларымен 174 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды. Барлығы 137 627 мың текше метр су сорылды. Есіл өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері тұрғындарға көгалдандыруға және көшелер мен аула аумақтарын тазартуға көмек көрсетіп жатыр.
Атырау облысының Құлсары қаласында су басқан аумақтардан су сору және дезинфекциялық жұмыстар тәулік бойы жалғастырылуда. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторнинг жүргізілуде. Жағдай бақылауда. Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында бөген салу жұмыстары жүргізілуде. Өткен тәулікте ұзындығы 300-ге жуық бөген салынған.
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 3 050 қапшық пен 233 тонна инертті материал төселді. Өңірдегі жағдай тұрақталуда.
Республика бойынша 17 млн еріген қар суы сорлып, 10 013 тұрғын үй мен 3 215 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 51 111 адам өз үйлеріне оралды. 5 355 адам уақытша орналасу пункттерінде қалып жатыр.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 10 827 адам, 1 247 техника, 332 су сору құралы және 57 жүзу құралы, 5 әуе кемесі жұмылдырылды.
Екі күн ішінде ТЖМ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында су басқан 326 үйде, Атырау облысының Құлсары қаласында ауданы 76 500 шаршы метр су басқан аумақтарда дезинфекциялау жүргізді. Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Подстепное кенті мен Аңқаты ауылында жалпы ауданы 71 гектар су басқан аумақтарда дезинфекциялау жүргізілді.
Қазақстандағы су тасқыны
Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.
Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.
Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.