Енді заң бұзған электр компанияларына салынатын айыппұл көбейеді

Ulysmedia

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің электр стансалары мен желілік компанияларды тексеруге тосқауыл болатын талаптары заңнамадан алынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: kolomnagrad.ru

Не болды

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.

Оның айтуынша, министрлік энергетикалық бақылауды күшейту бағытында жүйелі заңнамалық жұмыс жүргізіп жатыр.

Олар: электр станциялары мен өңірлік электр желілік компанияларға тексеру жүргізу кезінде Кәсіпкерлік кодекстің талаптарын алып тастау; энергетикалық кәсіпорын ішінде өндірістік энергетикалық бақылауды енгізу; электр энергетикасы саласындағы нормативтік талаптарды бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын ұлғайту және энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің штат санын ұлғайту, - деді ведомство басшысы.

Сәтқалиев АЭС туралы сұраққа не деді

Еске салсақ, Сәтқалиевтен журналистер атом электр станциясына байланысты сұрақ қойылып, ол бойынша референдум қашан өткізілетіні сұралды.

Бұқаралық ақппарат құралдарында әрдайым “Сәтқалиев референдум осы кезде өтеді деп айтты” дегендей ақпараттар жиі шығады. Сол басылым ресми түрде кешірім сұрауы тиіс деп есептеймін! Себебі мен “заңнамаға сәйкес” деп сөйлеп, халықтың талабы мен жігері ескерілетінін айттым. Мемлекет басшысы бұл бағытта саяси шешім қабылдады. Біз соған сәйкес, референдум өткізумен айналысамыз, – деді ол.