Qazaqstan Barysy Grand Slam: Бақытжан Әбдірахманов қола жүлдегер атанды

Сырым Қаржас

Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік турнирінің екінші күнінде Қазақстан ерлер құрамасының қоржынына тағы бір қола жүлде түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан дзюдо федерациясы

Жеңіс тұғырының үшінші сатысына Бақытжан Әбдірахманов (73 келі) көтерілді. Бұл – спортшының мансабындағы тұңғыш Grand Slam жүлдесі. Кіші финалда ол Ирландия спортшысы Джошуа Гриннан басым түсті. Бұл нәтижеге үшін Әбдірахмановқа әлемдік рейтингте 500 ұпай қосылады.

Сондай-ақ, бүгін рейтингтік жарыстың үшінші орны үшін Абылайхан Жұбаназар (81келі) мен Екатерина Токарева (70келі) бақ сынайды. 

Еске сала кетсек, жарыстың бірінші күнінде Ғалия Тынбаева алтын, Елдос Сметов қола жүлде еншілеген болатын.

Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан жарыс 12 мамырға дейін жалғасады.