Бокс: Теміртас Жүсіпов әлем чемпионы атанды

Аян Өрібай

Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында тайландтық боксшы Вуттичай Юрачаймен қолғап түйістірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

33 жастағы отандасымыз бірінші раундты сақ жүріп бастады. Өзіне тән мәнерде айқасты сауатты өткізді. Алғашқы раунд аңдысумен өткенімен қарсыластар аянып қалған жоқ. Оның қорытындысы бойынша бес төрешінің үшеуі Теміртасқа басымдық берді. 

Екінші раунд кезек-кезек соққы алмасқанымен, Теміртастың гүрзі жұдырығы қарсыласына көбірек әрі дөп тиді. Екінші раундта та бес төреші де мықтылығын мойындап, ұпайды қазақстандық боксшыға берді. 

Теміртас Жүсіпов үшінші раундта қарқынын азайтқан жоқ. Вуттичай үшінші раундта барын салғанымен, қарсыластан айласын асыра алмады. Тіпті соңғы раундта бір рет ногдаунға түсіп қалды.

Вуттичай Теміртастан он жас кісі боксшы. Әлем чемпионатында тайландтық екніші орынды иеленді. 

Айта кетсек бокстан әлем чемпионаты Сербияның Белград қаласында өтіп жатыр.