Жапониядан бокстан тұңғыш әлем чемпионы шықты - одан қазақ боксшысы жеңілді

Ulysmedia

Белградта бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында 54 келіге дейінгі салмақта финалда Махмұт Сабырхан финалда жапондық Томоя Цубоймен кездесті,  деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Махмұт Сабырхан айқас басталғаннан-ақ басымдықты өз қолын алды. 19 жастағы жапондықтың да соққылары тимей қалған жоқ. Бірпінші раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық қарсыласын 3:2 есебімен жеңді.

Екінші раудта жапондық қарқынын үдетті. Теміртастың қорғанысы әлсіреп қалды. Қорытындысында бес төреші де екінші раундта жапондыққа басым ұпайды берді.

Үшінші раундтың қорытындысы бойынша басымдық қарсыласта қалды. Осылайша, Махмұт Сабырхан күміс медаль иеленді.