Шетелдік компания басшысынан 180 млн доллар талап еткен алаяқ сотталды

Ulysmedia

Шетелдік компания өкілінен қомақты сомадағы ақша талап еткен алаяқ 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: aikyn.kz

Не болды

Кінәлі адам өзін мемлекеттік ведомствоның штаттан тыс қызметкері ретінде көрсете отырып, шетелдік компания директорынан 180 миллион АҚШ долларынан аса қаражат талап еткен. Алаяқ инвестициялау шартын жалған жасасу мақсатында аталған қаражатты иемденіп алуға тырысқан. Мемлекеттік айыптаушы-прокурор сотталған адамның кінәсін дәлелдеді, - делінген хабарламада.

Сот үкімі

Ол алаяқтыққа оқталу және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға аса ірі мөлшерде пара беруге айдап салу үшін кінәлі деп танылған. Сот үкімі заңды күшіне енді.