Қашып кеткен жолаушылар Испаниядағы әуежай жұмысын уақытша тоқтатты

Ulysmedia

Полицейлер бес адамды ұстады, бірақ қашып кеткендердің көбі әуежайдан аумағынан шығып кетті деген болжам бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

tass.ru-дың мәліметінше, Пальма әуежайы (Балеар аралдарының автономиялық бірлестігі) рейстердің бірінің ұшу-қону жолағындағы жолаушыларға байланысты жұмысын үш сағатқа тоқтатуға мәжбүр болды.

Оқиға жұма күні жергілікті уақыт бойынша 20:30 (Мәскеу уақыты бойынша 22:30) шамасында болған. Air Arabia ұшағы Марокконың Касабланка қаласынан Ыстамбұлға бет алған. Жолаушылардың бірінің денсаулық жағдайы нашарлап кетуіне байланысты ұшақ командирі Испания әуежайына қонуды ұйғарған. Жерге қонғаннан кейін аталған жолаушы ауруханаға жеткізген, бірақ дәрігерлер оның бойынан ешқандай ауру белгілерін тапқан жоқ. Испания полициясы заңсыз көші-қонға ықпал етті және көші-қон заңнамасын бұзды деген күдікпен ер адамды ұстады.

Ұшақ әуежайға қонған кезде 10 - 20 жолаушыдан тұратын топ рұқсатсыз шығып, қашып кеткен. Полицейлер бес адамды ұстады, бірақ қашып кеткендердің көпбі әуежай аумағынан кетіп қалды деген болжам бар. Ұшу жолағында адамдардың болуына байланысты әуе айлағының жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, рейстердің кешігуі тіркелді, кейбір ұшақтар басқа әуежайларға қонуға жіберілді.