Өгей баласын өлтірген еркек 20 жылға сотталды

Ғалиасқар Думан

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 19 жастағы Дархан Дәулетовке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Time.kz

Кек алу мақсатында

Дархан Дәулетов 2023 жылдың тамыз айынан бастап өзінің оқытушысымен және оның бірінші некесінен туған ұлымен бірге жалға алынған пәтерде тұрған.  

"2023 жылдың қыркүйегінде сотталушының басында баланың әкесінен кек алу мақсатында Хантөрені өлтіру ниеті пайда болған", – деп жазылған сот хабарламасында. 

Жұдырықпен ұрған

Дәулетов үлкен күшпен, жұдырықпен, баланың басы мен асқазанына 8-9 рет соққы берген. Салдарынан баланың бауыры жарылып ішіне қан кеткен. Осындай дәрменсіз күйдегі Хантөрені өгей әкесі балабақшада қалдырып кеткен. Бірнеше күннен кейін бала ауруханада алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болған.  

20 жыл

Прокурор сотталушыға 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. 

Алайда Дәулетов сотт өз кінәсін мойындамады. 

Жәбірленуші тарап та айыпталушы Дәулетовке қатаң жаза тағайындауды сұрады. 

Нәтижесінде сот өгей ұлын өлтірді деп айыпталған Дәулетовке 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындады.