Елорданың сол жағалауындағы көшелерін жаңбырдан кейін тағы да су басты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желіде су басқан көшелердің видеосы пайда болды. Куәгерлер көліктердің жол бойында «жүзуге» мәжбүр болғанын көрсететін кадрлармен бөлісті. Кейбір көліктердің судан нөмірлері көрінбейді.
Жазба авторлары бұл жағдайларды ЭКСПО-дан алыс емес жерде түсіріп алғандарын түсіндірді.