Қазақстан ІІМ жанынан жаңа комитет құрылады

Ulysmedia

Үкіметтің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетін құру ұсынылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

"Ашық НҚА" порталында ішкі істер министрлігі жанынан жаңа комитет құру туралы қаулы жобасы жарияланды.

Толығырақ

"ҚР Үкіметі Ішкі Істер Министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл комитетін құруға қаулы етеді", - делінген құжатта.

Комитет не істейді

Жаңа комитетке мемлекеттік есірткі саясатын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функцияларды тиісінше жүзеге асыру үшін қосымша өкілеттіктер мен штат саны беріледі.

Құжат 2024 жылдың 7 маусымына дейін талқыланады.