Ол азаматтардың затын қараусыз қалдырғанын өз пайдасына жаратқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алматыда мешітке келушілердің мүлкін ұрлаған жас жігіт сотталды. Өткен жылдың қысында ол дұға етуге келген адамдардың заттарын қараусыз қалдырғанын пайдаланған.
Бірақ оның барлық әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Осылайша оның кім екені анықталып, қолға түскен.
"Сот отырысында" Т " есімді азамат өз кінәсін мойындады, алайда жәбірленушіге келтірілген миллиондаған шығынды өтемеді. Сот оған орташа қауіпсіздік мекемесінде төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", — деп хабарлады прокуратура.
Бұған дейін
Қазақстандағы діни бөлінулер жайында белгілі дінтанушының сұхбатын жариялаған едік.
«Уахаби-салафиттар» сауда-саттықтың айналасына шоғырланған
...Салафилік көзқарасты өзіне құндылық ретінде ұстанғандар «Соқыр көргенінен жазбайдының» кебін киіп, алған бетінен қайтпайды. Олар үшін рухани бірегейлік, мұсылманшылық ізгілік, ауызбіршілік, елдік мүддеден гөрі бір рет айғайлап айтқан «әмин!» қымбат. Сол арқылы барлық дәстүрлі дінге, үлттық салт-дәстүрге, елдік мүддегеге қарсылығын білдіріп тұрғандай. Тіпті мешітте сырттай «Ханафи» болып намаз оқып жүрген бұрынғы салафиттардың үйде намазды қалай оқитындығын ешкім саралап жатқан жоқ, - дейді дінтанушы.
Мешіттегі оқиға
Еске салсақ, Шымкент қаласындағы «Abdusattar» мешітінде намаз оқып жатқандар арасында төбелес болған еді. Бұл оқиға қоғамды дүр сілкіндірген болатын.
Имам «намаз үстінде «Әмин» деген сөзді дауыстап айтуға болмайды» деп ескерткен. Алайда бұл ескертуді елемеген бір адам «әмин» деп дауыстап айтқан. Бұған шыдамаған біреу әлгіні бетінен ұрып, шалқасынан түсіреді. Желі қолданушылары оқиғаны қызу талқылады.
Көп өтпей Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Оқиғаның қалай болғанын мешіт имамы айтып берді.