«Қаңтар оқиғасында адамдарды азаптаған»: Алматы қалалық ДП бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды

Ulysmedia

Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды азаптады деген күдікпен Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Фото: Алматы ПД

Бұл туралы Бас прокуратурадан мәлім етті. 

Бас прокуратура 2022 жылдың қаңтарында Алматы облысы Қарасай ауданы Кошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау орнында азаматтарды азаптау бойынша қылмыстық іс тергеп жатқаны белгілі.

Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде, 2024 жылғы 28 мамырда ҚПК-нің 128-бабына сәйкес Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Б. Абильбеков ұсталды.

ҚПК-нің 201-бабы негізінде іс бойынша өзге де толығырақ ақпарат жария етуге жатпайды.