Қазақстан егемендік алғалы мұнайдан қанша пайда тапты?

Ulysmedia

1991 жылдан бері Қазақстан аумағында шамамен 2 миллиард тонна мұнай өндірілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.   

Ашық дереккөзден

Energy monitor қоғамдық қорының директоры Нұрлан Жұмағұловтың сөзінше 1991 жылдан бастап Қазақстанда мұнай өндіруден түскен табыс 900 млрд долларды құрайды.  

 "Ел тәуелсіздік алған сәттен бастап 2 млрд тоннаға жуық мұнай өндірілген. Бұл шамамен 1 трлн доллар. Бірақ 30 жыл ішінде біздің теңгеміз 100 есе құнсызданған! Ағымдағы бағам бойынша кірістерді есептеу қате. Мысалы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қорға түскен тарихи рекордтық көрсеткіш 6,4 трлн теңгені құрады. Бірақ доллармен бұл небәрі 14 млрд болады. Ал доллармен тарихи рекорд 2011 жылы 22 млрд теңгені құрады", – деді Нұрлан Жұмағұлов. 

Оның айтуынша, бұл салаға үлкен ресурстар, оның ішінде қаржылық ресурстар салынуда. Атап айтқанда, 2020 жылдың қорытындысы бойынша, мұнай бағасы барреліне 43 доллар болған кезде, барлық кірістің үштен бірі мына бағыттарға жұмсалған: 

  • тауарлар, қызметтер, жалақы, маркетинг; 
  • салықтар; 
  • "Қазмұнайгазды" қоса алғанда, инвесторлардың пайдасы; 
  • инвесторлардың қарыз қаражаттарына қызмет көрсету. 

Осылайша, 2020 жылы 28,5 млрд доллар табыстан түскен таза пайда 10 млрд долларды (4 трлн теңге) құрады. 

"Бұл ретте бюджеттің үштен бірі мұнай ақшасы есебінен қалыптасатынын ұмытпаған жөн. Ал мемлекеттік қазынаға, бюджетке және Ұлттық қорға түсетін жалпы салық түсімдерінің 40% - дан астамы мұнайдың үлесінде. Әрине, сыбайлас жемқорлық факторы бар, бірақ ол мердігерлер мен тауарларға қатысты", – деп түйіндеді Нұрлан Жұмағұлов. 

Наурыз айында Энергетика министрлігі Қазақстанда мұнай өндіру 2023 жылдың қорытындысы бойынша 90 млн тоннаны құрағанын хабарлады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 7% - ға артық.