Ақмолада жоғалып кеткен малшы өлі табылды

Ғалиасқар Думан

Оның денесі Есіл өзенінен табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: 7-su.kz

Ақмола облысының полиция департаменті сараптама тағайындалғанын, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатынын, сондай-ақ қаза болу жағдайлары анықталатынын жеткізді.  

"Бірнеше күн бойы ер адамды полиция қызметкерлері, ТЖД және жергілікті тұрғындар іздеді. Іздеу іс – шараларын жүргізу үшін арнайы қажетті қызметтік техника бөлінді", - делінген хабарламада. 

Еске салайық

Бұған дейін Ақмолада қойшы жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенін жазған едік. 

Дәулетбай Кәкеш жоғалар алдында бірнеше апта бұрын шаруашылыққа жұмысқа орналасқан. Бұған дейін ер адам отбасымен бірге Астанада тұрған.