АҚШ азаматтары асырап алған қазақ баласы Көкшетаудағы әке-шешесін іздейді

Сырым Қаржас

Деррик есімді жігіттің іздеу салуы әлеуметтік желіде бірнеше күннен бері тарап жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дерриктің шын есімі

АҚШ азаматтары Көкшетаудан алып кетіп, асырап алынған Деррик есімді жігіт Қазақстаннан әке-шешесі мен туыстарын іздейді. Ол 1999 жылы 26 шілдеде (26.07.1999) Көкшетау қаласының перзентханасында дүниеге келген. Туғандағы есімі Сәбитов Руслан Серікұлы.

Әке-шешесі

Анасы: Сәбитова Алма Абайқызы. Бір құжатта 25 жаста деп көрсетілген, бірақ құжаттың басқа құжатында туған күні 1.1.1970 жыл делінген. Әкесі Серік Сабитов деп жазылған. Анасының тұрғылықты мекен-жайы: Тайынша (бұрынғы Красноармейск), Школьная көшесі 40А. 

Русланның өз ізденісі

Руслан осы ақпаратты таратуды өтінеді. Өйткені туыстарын полиция, жергілікті тұрғындар арқылы іздеуге тырысқа. Өкінішке қарай, бұл әрекеттері сәтсіз аяқталған. Өзі жайлы ақпаратты жан-жаққа таратуды сұрайды.

Сенатордың сауалы

Бұған дейін Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі шетелдіктер асырап алған балалардың ата-анасын табуға көмектесуге өтінген еді. Депутат үкімет басшысына жолдаған сауалында бас прокуратура 2014 жылы шетел асқан балалардың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, арнайы тексеріс жүргізгенін, жетім балалар мен оларды асырап алуға ниет білдірген азаматтардың бірыңғай мәліметтер жүйесін құруды ұсынғанын айтады. Алайда бұл тексерістің нәтижесі және қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы ақпарат беймәлім болып қалған.