Астанада әкімшілік сот жедел-жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған адамды жазалау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Спиртті ішімдік ішкен еркек жәрдем жәрдем қызметкерін қорқытып, оған пышақпен шабуылдаған. Онысымен қоймай ұсталғаннан кейін уақытша ұстау изоляторының еденденіндегі тақтаны сындырып, әйнегін шаққан.
Бұзақы сотта өзінің кінәсін мойындап, кешірім сұрады.
Сот қаулысымен астаналық ұрып-соғу фактісі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып , 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ басқа біреудің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін тағы 15 күн алды. Бұл осындай құқық бұзушылықтар үшін ең жоғары жаза, деп атап өтті Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.
Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық
Отбасылық жанжалдан таяқ жеген әйел жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкері келген кезде ер адам мас болған. Ол медицина қызметкерлерін балағаттаған. Пышақпен қорқытып, бөлмені жауып, тіпті фельдшерге жұдырық ала жүгірген. Медицина қызметкерлері 102 шақырған.