«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды

Ulysmedia

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып Қайыржан Ерсайынұлы Қожаев тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: gharysh.kz

Бұл туралы ұлттық компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қайыржан Ерсайынұлы Қожаев 1981 жылы 22 маусымда Қарағанды облысында дүниеге келген.

1997-2002 жылдары О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы мамандығы бойынша түлегі;

2002-2008 жылдары Мәскеу авиациялық институтын "Ұшу аппараттарын сынау" мамандығы бойынша бітірген.

2021-2022 жылдары "Ғарыштық инженерия" мамандығы бойынша Мичиган университетінің магистрі, Энн Арбор қаласы. Қазақстанның ғарыш саласында үлкен еңбек өтілі бар.

Соңғы 5 жыл бойы Ghalam ЖШС Бас директоры – Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Жобаларды басқаруда, ұшу аппараттарының сынақ және өндірістік учаскелерін құруда тәжірибесі бар. Сондай-ақ, шетелдік университеттерде ұшыру кешендері саласында біліктілікті арттыру туралы дипломы бар.

Еске салсақ, бұған дейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» журналиспен соттасқалы жатқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Қазақстанның ғарыш саласын дамыту үшін Үкімет 2,8 млрд теңге сұраған еді.