Мексикада қала мэрі кісі қолынан қаза тапты

Ulysmedia

Мексикада Котиха қаласының мэрі Йоланда Санчес кісі қолынан қаза тапты. Оның алдында бірнеше сағат бұрын Клаудия Шейнбаум елдің алғашқы әйел президенті ретінде сайлауда жеңіске жеткен еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Йоланда Санчес

"ВВС-дің Орыс қызметі" хабарлағандай, Йоланда Санческе қала орталығында шамамен 20 рет шабуыл жасалған. Ал қала мэрі алған жарақаттарының ауырлығынан көз жұмған. 

Әзірге шабуылдаушылар қолға түспеген, бірақ бұл әрекетті ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірі жасаған болуы мүмкін деп болжам бар.  

Йоланда Санчес Котиха қаласының тарихындағы мэр болған алғашқы әйел. Оған 2021 жылы қызметке тағайындалғаннан кейін бірден оған қауіп төне бастаған. Ал 2023 жылы бір топ қарулы адам оны ұрлап, үш күн қамауда ұстады.  

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұрлаушылар есірткі саудасымен және төлем алу үшін ұрлаумен айналысатын "Джалисконың жаңа буыны" (CJNG) картелінің мүшелері болған. Бұл картельдің мүшелері олардың талаптарын орындағысы келмейтін мемлекеттік қызметкерлерге жасалған шабуылдармен аты шыққан.  

Йоланда Санчестің өзіне төнген қауіптерден кейін әскерилерден қаладағы қауіпсіздікті нығайтуды сұраған. Нәтижесінде қала мэріне қарулы күзетшілер бекітілген.  

2 маусымда өткен президенттік сайлауда Мехиконың бұрынғы мэрі Клаудия Шейнбаум жеңімпаз атанған еді.