Алматы әуежайының басшысы қызметінен кетті

Ulysmedia

Алматы әуежайының басшысы Алып Ер Тоңа Ерсой қызметінен кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Әуежайдың баспасөз қызметі түрік менеджерінің қызметінен кетуі әуежайдың жаңа халықаралық терминалының құрылысы аяқталған соң жоспарланғанын айтты.

Алып Ер Тоңа Ерсойдың авиациядағы жұмысын басқа бағытта жалғастыратыны белгілі болды. Ал 5 маусымда басшылық ауысатыны туралы ресми мәлімдеме жарияланады деп жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: «Еуропалықтарға беруге дайынбыз». Қазақстандағы әуежайлар кімдердің қолында

Түрік менеджері Алматының әуе айлағын 2021 жылғы қыркүйектен бері басқарды.