Германия мен ЕО Украинаны қалпына келтіру үшін қосымша қаржы бөледі

Ulysmedia

Берлинде өткен Украинаны қалпына келтіру жөніндегі халықаралық конференцияда Германия мен ЕО Украинадағы неміс халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) жобасына қосымша қаражат беретіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz DW агенттігіне сілтеме жасап. 

dw.com

Жалпы алғанда, жобаға тағы 30 миллион еуро бөлінеді. Сонда жалпы қаржыландыруды 75 миллион еуроға дейін артады.

Бұл ретте Германия өз үлесін 12 млн еуродан 39 млн еуроға дейін, Еурокомиссия - 18 млн еуродан 36 млн еуроға дейін ұлғайтады. 

Украинаның зардап шеккен аймақтарын қолдау жобасы Германияның Сыртқы істер министрлігі бастаған Украинаны тұрақтандыру платформасының бөлігі болып табылады. Ол Украинаның ең көп зардап шеккен аймақтарындағы мемлекеттік мекемелер мен азаматтық қоғамды нақты қолдауға бағытталған. 

“Сонымен қатар, осы бастама аясында елдің қалалары мен ауылдарын минадан тазартумен айналысатын украиндық саперлер жабдықталды,” деп атап өтті Германияның сыртқы саясат басқармасы.

Сондай-ақ, жоба Украинаны атом электр станцияларын қорғауды, сондай-ақ Украинаның Электр станцияларына ресейлік шабуылдардан кейін энергиямен қамтамасыз етуді қолдайды. 

Бұған дейін

Финляндия Украинаға өз әзірлемесі бойынша сынақтан өтпеген қару-жарақ жіберіп жатырғанын жазған едік.