Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында жер сілкінісі болды

Ulysmedia

Магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: istockphoto.com

Зардап шеккендер жоқ

Қырғыз сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісі 12:27-де (Астана уақытымен 07:27) болған, эпицентр екі республиканың шекарасында Дарот-Коргон ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым және Ош қаласынан 140 шақырым жерде болған. 

Жерасты дүмпулерінен зардап шеккендер жоқ, ешқандай нысан қирамаған.

Алматыдағы жер сілкінісі

Еске салсақ, Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 40-тан астам адам жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты. 

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.

Жер сілкінісінен кейін мектептер мен ауруханалардың қабырғасынан жарықшақтар анықталған.

Құтқарушылар жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді:

  • Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;
  • Жер сілкінген кезде лифтті пайдаланбаңыз;
  • Жиһаздардан, терезелерден, люстралардан алыс жүріңіз;
  • Сенімді, берік орын табыңыз: егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз;
  • Үй-жайдан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – дүмпу тоқтағаннан кейін);
  • Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
  • Алдын ала дайындалған шұғыл сөмкені алыңыз;
  • Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
  • Балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсетіңіз.