«Намаз оқып, сақал қоймасақ, ұрады» — Ауғанстандағы қазақтар

Қалижан Бектемір

Ауғанстанда тәлібтер намаз оқымайтын, сақал қоймайтындарға зәбір көрсетеді. Бұл туралы сол елде тұратын қазақтар айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

Жергілікті тұрғындар «Жалғыз жолаушы» YouTube-арнасына берген сұхбаттарында тіпті домбыра шерте алмайтындарын жеткізген.

Домбыра шертуге рұқсат бермейді. Шариғат бойынша болмайды дейді. Егер домбыра шерткенімізді көрсе, намаз оқымасақ, сақал қоймасақ, ұрады, жәбір көрсетеді. Мешітке кім келді, кім келмеді, бәрін тексеріп отырады. Кімдер келмегенін молда айтып береді, оларды түрмеге қамайды, - дейді ауғанстандық қазақтар.

Оқи отырыңыз: «Біздікілер бірге шай ішті, өзіміз сияқты адамдар екен»: Жұманғарин тәліптер жайлы

Сондай-ақ балалары мектепке бармаса да, құран сабағына қатысады.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Қазақстанда тәлібтер террорлық ұйымдар тізімінен не үшін алынғанын түсіндірген болатын.