Тұшпарадан уланған ана мен баланың жағдайы туралы белгілі болды

Ulysmedia

Қайтыс болған балалардың анасы мен оның үлкен баласы қазір реанимацияда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Уланғаннан кейін ауруханаға түскен әйел мен баланың жағдайы туралы Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Раиса Құсайынова айтып берді. Әйелдің жұбайы ауруханаға жатудан  бас тартқан.

"2014 жылы туған баланы емдеу жалғасуда, жағдайы қазір ауыр, тұрақты. Анасы бірінші қалалық аурухананың реанимациясында, ауыр жағдайда қабылданды, қазір жағдайы аздап жақсарды. Әкесі сол жерде тексерілді. Ауруханаға жатудан бас тартты. Барлық биологиялық материалдар сараптамаға жіберілді", - деді Раиса Құсайынова.

Бес адамнан тұратын отбасының уланғаны түнде белгілі болған. Олар "жедел жәрдем" шақырған. Медициналық көмек көрсетілген. Бірақ таңертең кіші бала қайтыс болды.

"Сол мекен-жай бойынша сағат 8.00-ге жуық кезекті шақыру келіп түсті, медбике сол жерге келіп, 2021 жылы туған баланың биологиялық қайтыс болғанын айтты. 2017 және 2014 жылы туған екі бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Олар тексеріліп, дереу реанимация бөліміне жатқызылды. 2017 жылы туған қыз ауыр, тұрақсыз күйде келіп, өкпені жасанды желдетуге ауыстырылды, бірақ 20.50 шамасында, жүргізіліп жатқан емнің толық кешеніне қарамастан, баланың қайтыс болғаны айтылды", – деп атап өтті Раиса Құсайынова.

Ол сондай-ақ уланудан бұрын, балалардың анасының айтуынша, отбасы мүшелері пицца, шұжық, дүкен тұшпарасы жеп, кола ішкен.

Қалай болды?

Оқиға Қызылжар ауданы Надежка ауылында болды. Ол жерден 1996 жылы туған ана және оның 2014 ж, 2017 ж және 2021 жылы туған балалары Петропавл облыстық ауруханасына жеткізілді. Кейінірек екі бала, 3 жасар ұл және 6 жасар қыз қайтыс болды.

Полиция не дейді

СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша «Абайсызда адамдардың жаппай улануына және екі адамның өліміне әкеп соққан санитарлық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Отбасының әкесі бір күн бұрын отбасының ауылдағы дүкеннен сатып алған тұшпара жеп, кола ішкенін айтқан.

Облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті сынамалар алынып, зертханаға жіберілгенін хабарлады.