Астанада жаңадан салынып жатқан мектептен өрт шықты

Ғалиасқар Думан

Елорданың құтқарушылары мектепте шыққан өртті  сөндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ

Астанада Есіл ауданының жаңадан салынып жатқан мектептерінің бірінің қаптамасы өртенді.

Шақыру түскен сәттен бастап 20 минут ішінде 40 шаршы метр алаңдағы өрт өшірілді.

Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.