Қажылық кезінде 14 адам қайтыс болып, 17 азамат жоғалып кетті

Айнель Аянова

Сауд Арабиясындағы қажылық кезінде 14 қажы қаза тауып, 17 адам жоғалып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Меккедегі қажылық кезінде Иорданиядан кем дегенде 14 қажы сусыздану мен қатты ыстықтан қайтыс болған.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігінің ақпаратынша тағы 17 қажы жоғалып кеткен. Мекке мен оның айналасындағы температура орта есеппен 47 градус.

Сауд Арабиясының баспасөз агенттігі Арафат тауындағы емдеу орталығында осы уақытқа дейін 225 күн тию фактісі тіркелгенін хабарлады.

Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрлігі температураның күрт көтерілуі туралы ескерткен. 

Бұған дейін

Сауд Арабиясы қажылық ережелерін бұзған азаматтарға қандай шара қолданылатынын айтқан еді.

Сауд Арабиясының қоғамдық қауіпсіздік қызметі қажылықтың ережелері мен нұсқауларын бұзған, сондай-ақ рұқсатсыз қажылыққа баратын қажыларға айыппұл сала бастады. Бұл туралы мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады.