Атырауда әйелді пышақтаған ер адам басқа қалада ұсталды

Сырым Қаржас

Полиция Атырауда әйелді пышақтаған ер адамды Ақтаудан тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

instagram / police.atyrau

Пышақ жарақатын алған әйел ауыр жағдайда жатыр. Оның мойнына пышақ салынған.

Облыстық полиция департаменті ер адам мен әйел азаматтық некеде болғанын хабарлаған еді.

– 9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде 30 жастағы әйелді өлтіруге оқталған 29 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Жеке басы анықталып, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Күдікті мен жәбірленушінің азаматтық некеде тұрғаны анықталды, - делінген Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда ер адамның әйелді пышақтағаны видеоға түсіп қалғанын жазған болатынбыз.