Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті өтуіне орай 3 және 4 шілдеде Астанадағы балабақшалар жұмыс істемейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Білім басқармасы бүй деді
Астана қаласы Білім басқармасының мәлімдеуінше, Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерінің хатына байланысты елордада 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді.
Саммитте не талқыланады
ШЫҰ саммиті Астанада 3-4 шілдеде өтеді.
Онда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды.