ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желіде резонанс тудырған видеоға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желіде киіз үйдің ішінде билеген қыздардың видеосы тараған еді. Үстеріне қазақша ою-өрнекті киім киген олардың әрекеті желі қолданушыларының ашуына туғызған.
“ҚР Мәдениет және ақпарат министрі ретінде киіз үйде би билеп, бейәдеп әрекетімен қоғам назарын аудартқан бейнеролик туралы айтқым келеді. Мұндай контент қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін. Арандатушылыққа да ұрындыруы ықтимал. Әрине, өскелең ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Видеоның мазмұны қазақ халқының құндылықтары мен салт-дәстүрлеріне қайшы келеді,”- деп жазды министр желідегі парақшасында.
Балаеваның сөзінше бұл мәселеде асқан жауапкершілік қажет.
“Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар дәстүрлі құндылықтарымызды сақтау мен насихаттауда ерекше жауапкершілікті талап етеді. Ұлттық құндылықтардан бас тарту мәдениетімізге, салт-дәстүрімізге және әдет-ғұрыптарымызға қашан да қауіп төндіреді,”- дейді ол.
Бұған дейін
Қазақстанда «ЛГБТ насихатына» тыйым салуды талап еткен петиция 50 мың қол жинап, оны Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарауға жіберуге мүмкіндік берген еді.